Атырау, 19 наурыз 14:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Енді мұғалімді балағаттағандарға 252 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

2 118 просмотра


Заң жобасы "Ашық үкіметтік емес ұйымдар" сайтында қоғамдық талқыға ұсынылды.

Қазақстанда оқушы мұғалімнің ар-намысына нұқсан келтірсе, ата-анасы 252 мың 500 теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске осындай өзгеріс енгізілмек.

Заң жобасы айдың аяғына дейін "Ашық үкіметтік емес ұйымдар" сайтында қоғамдық талқыға ұсынылған, деп хабарлады КТК.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдер 48 жасында зейнетке шығуы үшін қанша жыл жұмыс істеуі тиіс

Жаңа заң жобасы бойынша мұғалімнің кәсіби жұмысына негізсіз араласатындар немесе кедергі келтіретіндер 7 275 теңге айыппұл төлейді. Оқу-тәрбие жұмыстарына қажетті құрал-жабдық алуды педагогтің мойнына артып қоятындарға да осындай жаза қарастырылған. Ал өз міндетіне қатысы жоқ жұмысқа жегетіндер 25 250 теңге айыппұл арқалайды. Ең үлкен әкімшілік жаза оқушыларға келіп тұр. Кәмелетке толмаған бала мұғалімнің ар-намысына тисе, 252 мың 500 теңге айыппұл ата-анасына немесе олардың орнын алмастырған кісілерге салынады.

Дереккөз: sputniknews.kz

15 маусым 2019, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.