Атырау, 23 желтоқсан 22:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан мен Өзбекстан Арал түбіндегі шекараны демаркациялайды

3 023 рет қаралды


Тараптар бұрынғы теңіз түбі аумағында далалық жұмыстар жүргізуге келісті.

Тартылып кеткен Арал теңізінің түбінде мемлекеттік шекараны белгілеу жоспары Жизақ қаласында өткен Өзбекстан-Қазақстан демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы кезінде айқындалды.   

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрші елдер Аралдың құрғап кеткен бөлігінде далалық демаркациялық жұмыстар жүргізуге келісті.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Зүлфия Аманжолова мен Өзбекстанның жер ресурстары, геодезия, картография және мемлекеттік кадастр жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Тулкин Абдуллаев қол қойды.

Дереккөз; sputniknews.kz

15 маусым 2019, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.