Атырау, 23 желтоқсан 20:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды

3 294 рет қаралды


С.Ө. Трұмов Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

"Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын" делінген Жарлықта.

Серікбай Өтелгенұлы Тұрымов (1964 жылдың 3 маусымда Форт-Шевченко қаласында туған) — мемлекет қайраткері. Маңғыстау облысының маслихат хатшысы. Құрмет орденінің иегері (2016).

1981 - 1990 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде әр түрлі қызметтерде болған;

1990-1994 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы;

1994-1995 жж. – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы;

1995-2004 жж. – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры;

2004-2006 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;

2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;

2008-2012 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;

2012-2015 жж. – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі;

2015 жылдың 10 шілдесінен бастап – Ақтау қаласының әкімі.

2017 жылдан Маңғыстау облыстық маслихаттың хатшысы.


13 маусым 2019, 22:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.