Атырау, 26 сәуір 17:06
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ресейлік әуе қорғаныс техникалары осы айда Түркияға жеткізіледі

2 349 просмотра


Түркиялық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, Ресейден сатып алған S-400 зымыранға қарсы қорғаныс техникаларының алғашқылары маусым айының соңына қарай Түркияға жеткізіледі. 

Хабарға қарағанда, Түркия территориясына алғашқы S-400 техникасын орнату жұмыстарын ресейлік мамандар тобы жүзеге асырмақ. Алғашқы адымда қорғаныс техникасының екі батереясы Түркия жеріне орналастырылады. Сынақ аяқталғанға дейін ресейлік мамандар Түркияда техникалық көмек көрсетпек. Мәліметтерге сәйкес, әуе қорғаныс жүйесінің қалған бөлшектері жыл соңына дейін Түркияға жеткізіліп болады. 

Түркияның ресейлік әуе қорғаныс жүйесін сатып алуы Құрама Штат пен Түркия арасында салқындық туғызған еді. АҚШ ресейлік қорғаныс жүйесі НАТО әуе техникаларына кедергі келтіреді деп қарайды. Алайда, Түркия АҚШ және НАТО одақтастарының наразылығына қарамастан Ресей әуе техникасын сатып алуға шешім қабылдаған. Президент Ердоған мәлімдемесінің бірінде, ресейлік техника арқылы әуе қорғанысын қамтамасыз ете отырып, отандық қорғаныс жүйесін өндіруге күш салатынын айтқан.

Дереккөз: qazaqtimes.com

13 маусым 2019, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.