Атырау, 23 желтоқсан 20:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Асхат Айтмағамбетов білім және ғылым министрі болып тағайындалды

3 637 рет қаралды


Асхат Айтмағамбетов білім және ғылым министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.

«Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын» делінген жарлықта.

Ол 2019 жылдың 17 қаңтарынан бері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінде болып, әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелерімен айналысты. Сондай-ақ, Айтмағамбетов осыған дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды. Асхат Айтмағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары екі білімі бар. 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте болды. Түрлі жылдары Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы болды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды.

 

13 маусым 2019, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.