Атырау, 23 желтоқсан 22:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Елімізде жазғы маусымда қосымша пойыздар шығарылады

2 298 рет қаралды


Елімізде жазғы маусымға байланысты қосымша пойыздар шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

«№ 201/210 «Алматы -Түркістан» бағыты бойынша. Аптасына екі рет. 13  маусымнан бастап тамыздың 30-на дейін жүреді.

№ 207/208 «Алматы - Шымкент» бағыты бойынша. Аптасына екі рет. 13 маусымнан бастап тамыздың 30-на дейін жүреді.

№ 205/206 «Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша. Күн ара. 10 маусымнан бастап 30 тамызға дейін қатынайды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 30 маусымнан бастап 30 тамызға дейінгі аралықта «Нұр-Сұлтан - Достық» бағытында жүретін қосымша пойыз іске қосылады деп күтілуде.  

Дереккөз: inform.kz

13 маусым 2019, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.