Атырау, 23 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ринат Зайытовты полиция ұстап алып кетті

3 005 рет қаралды


Айтыскер ақын Ринат ЗАЙЫТОВТЫ полиция ұстап алып кетті. Бұл хабар facebook.com қолданушысы Ирина СОВЕТЖАНҚЫЗЫНЫҢ жеке парақшасында жарияланды.  

Ринат Зайытов facebook.com әлеуметтік желісінде сағат 18-00 де бір топ тәуелсіз бақылаушылардың жиналатынын мәлімдеген еді. Айтыскер сайлауға қатысты заң бұзушылықтарды жариялайтынын айтқан.

«Алатау» театрының жанына жиналған белсенділерді полиция жасағы ұстап алып кетті. Ринат Зайытов жиналғандар өзінің партия құруға пейілді екенін айтқан. Азаттық радиосының хабарлауынша, оқиға орнында бір адам есінен танып құлап қалған. Әзірге құзырлы орган бұған қатысты ешбір ресми ақпарат таратқан жоқ.

Дереккөз: zhasalash.kz

10 маусым 2019, 19:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.