
10 маусым түскі сағат 12.00 шамасында Алматыдағы Ескі алаң маңындағы саябақта полиция жиырмаға жуық адамды ұстап алып кетті. Бұл ақпаратты оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі хабарлады. Оның айтуынша, алаң аумағында интернет байланысы өте нашар. Полиция саябақты қоршауға алған.
Полиция азаматтарды ұстап жатқан сәтте бағдаршамға тоқтап тұрған он шақты көлік бір мезгілде сигнал берген. "Азаматтарды не үшін ұстап жатсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына полиция қызметкерлерінің бірі "құжаттары болмағандықтан ұстап бара жатқанын" айтты.
Бір ұсталған азаматтың туысының қан қысымы көтеріліп, жерге отырып қалған. Кейіннен қалпына келген.
Нұр-Сұлтанда полиция Бәйтерек маңын қоршаған. Азаматтар қаланың орталық бөлігіне біртіндеп жинала бастаған.
Дереккөз: Азаттық радиосы
В Атырау -1