
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинады. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс. Мұны ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.
Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы: Жамбыл Ахметбеков - 167 249 - 1, 82 пайыз; Дания Еспаева - 478 153 - 5, 2 пайыз; Әміржан Қосанов - 1 472 733 - 16,02 пайыз; Төлеутай Рахымбеков - 294 271 - 3,2 пайыз; Амангелді Таспихов - 190 304 - 2,07 пайыз; Касым-Жомарт Токаев - 6 504 054 - 70, 76 пайыз; Сәдібек Түгел - 84 348 - 0, 92 пайыз. Дауыс беруге сайлаушылардың 77,4 пайызы қатысты. Кеше, 9 маусымда Қазақстанда Президент сайлауы өткен болатын. Кейінірек "Қоғамдық пікір" институты exit poll нәтижесін жариялаған еді. Exit poll мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинады.
Дереккөз: tengrinews.kz
В Атырау -1