
Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы балабақша орындарын таратуға арналған электронды жүйенің уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Түнде жаппай хакерлік шабуыл басталды. Электронды жүйеге бір уақытта 500 мың адам кіруге тырысып жатыр. Қазіргі кезде техник мамандар тиісті шараларды атқаруда. Жүйені қосқан кезде біз арнайы хабарландыру жасаймыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - дейді басқарма мамандары.
Айта кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы 10 маусымнан бастап балабақша орындары электронды жүйе арқылы үлестірілетінін жариялаған болатын.
Басқарма басшысы Әнуар Жанғозин бүгіннен бастап, шамамен, 17 мың бос орын электронды жүйеге шығарылатынын айтты.
"Басында 2016 және 2017 жылы туған балаларға арналған орындар жарияланса, 14 маусымда 2015 жылғы балаларға, ал 19 маусымда 2013-2014 жылы туған
Дереккөз: sputniknews.kz
В Атырау -1