Атырау, 23 желтоқсан 20:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Полиция сайлауға қарсы шыққан жүзге жуық адамды ұстады

Бейнежазба
5 833 рет қаралды


9 маусымда Алматыдағы ескі алаңда полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты.

Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті.

Полиция ескі алаңнан хабар таратып жүрген Азаттық тілшісі Петр Троценконы да департаментке әкетті. Тілшінің қолында құжаттары және редакция тапсырмасы болған. Троценко оның алдында алаңда полицияның ондаған адамды ұстап жатқанын көрген. Қазіргі кезде оны автозакта бөлімшеге апара жатыр.


Онымен бірге отырғандар "Бойкот!" "Бостандық!" деп айғайлағаннан кейін полицияның қолдарын қайырып ұстағанын айтқан. Алматы қалалық полиция департаменті мен ішкі істер министрлігі оқиғаға байланысты әзірге түсініктеме бермеді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

9 маусым 2019, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.