Атырау, 9 қараша 03:20
 дождьВ Атырау +4.2
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Головкин Роллсты жойқын нокаутқа түсірді

2 282 рет қаралды


Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) арасында жекпе-жек өтті.

Головкин төртінші раундта қарсыласының жағынан ұрып сұлатып түсірді.

Айта кетейік, жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей эфирде көрсетті. WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварестен ұпай санымен ұтылған болатын. Жақында GGG өз бапкерін ауыстырды. Бүгінгі жекпе-жекке ол жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен бірге шықты.


Дереккөз: sputniknews.kz

9 маусым 2019, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.