Атырау, 9 қараша 03:20
 дождьВ Атырау +4.2
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Қазақстандықтардың 12,8 проценті дауыс беріп үлгерді

2 579 рет қаралды


Елорда уақытымен сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетсек, сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Орталық сайлау комиссиясы таңғы сағат 08:00-де сайлау учаскелері еліміздің барлық өңірінде ашылғанын хабарлады. Олардың жалпы саны 9920. Оның ішінде 15 шет мемлекетте 17 сайлау учаскесі жұмысын бастаған. Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де ашылды.

Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.

Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті адам таласады:

Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;

"Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;

"Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;

"Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;

Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;

Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;

"Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.

Дереккөз:  sputniknews.kz

9 маусым 2019, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.