Атырау, 23 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда тыныштық күні жарияланды

2 853 рет қаралды


Қазақстан президентінің сайлауы қарсаңында тыныштық күні болып жарияланды. Бүгін жасалған кез келген үгіт-насихат заңсыз саналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Тыныштық күні - дауыс беруге дейінгі күн, бұл күні үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге болмайды. Кез келген насихат кандидат немесе сайлау бірлестігі үшін зиян тигізеді.  Ел президентін сайлау 9 маусымда сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. 

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау дауыс беру аяқталған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижесі аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ге екі күнде (2019 жылдың 11 маусымынан кешіктірмей) жеткізіледі. 

Естеріңізге салсақ, 7-12 маусым аралығында Қазақстан полициясы күшейтілген қызметке көшті. 

"9 маусымда сайлау күні барлық жерде 21 мыңнан аса полицей жұмыс істейді. Мұндай шаралар сайлау өтетін күндері әрдайым болады", - деп түсіндірді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 маусым 2019, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.