Атырау, 23 желтоқсан 20:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұсталды

Бейнежазба
2 553 рет қаралды


Шенеуніктің қымбат көлігінен 3 миллион теңге пара табылды. 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарованың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Павлодар облыстық департаменті өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты тергеуді бастады.

"Ол облыстың медициналық мекемелеріне зарарсыздандыру жабдықтары бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде көмек көрсеткені үшін жеке компания басшысынан 3 миллион теңге пара  алды деген күдікке ілініп отыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды", - деді Бастарова бүгінгі баспасөз мәслихатында. 


Дереккөз: sputniknews.kz

7 маусым 2019, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.