Атырау, 20 сәуір 18:38
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Белсенді Сәуле Әбілдаханқызы өзіне шабуыл жасалғанын айтады

2 429 просмотра
Дәрігерлер Сәуле Әбілдаханқызын қарап жатыр. Алматы, 5 маусым 2019 жыл.
5 маусымда кешкісін Алматыда белсенді Сәуле Әбілдаxанқызын жедел жәрдем ауруханаға әкетті. Белсендінің сөзінше, "Наурызбай аудандық полиция бөлімшесінен шыққан сәтте оны бірнеше белгісіз әйел ұрып кеткен".

Азаттық тілшісі жедел жәрдем белсендіні ауруханаға әкеткен сәтін көрген.

Сәуле Әбілдаханқызы түскен №7 аурухананың бас дәрігері Қуаныш Жанболат Азаттыққа белсендінің денесінде тырналған іздер болғанын айтты.

- Қолдары, денесі тырналған. Оның бәрін жазып береміз. Басын рентгенге, ішкі органдарын УЗИ-ге түсірдік. Сынған жері жоқ, ішкі ағзалары аман. Хирург, травматолог, нейрохирург дәрігерлер қарады. Қолына қағаздарын беріп, қандай дәрі ішу керегін айтып, үйіне қайтардық, - деді дәрігер.

Алматы қалалық полиция департаментінен оқиғаға қатысты пікір алу мүмкін болмады.

4 маусымда полиция Сәуле Әбілдаханқызын департаментке шақырған. Белсендінің айтуынша, полиция шақыру себебін толық түсіндірмеген, "үстінен әлдебір әйелдің шағым түсіргенін" айтқан. Белсенді "шағымданған әйелді танымаймын" деген.

5 маусымда белсенді Facebook парақшасында полиция бөлімшеге қайта шақыртып жатқанын хабарлаған.

Сәуле Әбілдаханқызы билікке талап қойған аналардың мәселесі жайлы әлеуметтік желіде посттар жазып жүр. Ол биліктен көп балалы аналар мәселесін шешуді талап етеді. Белсенді Қазақстан оппозициясының шетелдегі бюросы ұйымдастырған Париж конференциясына қатысып қайтқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

6 маусым 2019, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.