Атырау, 9 қараша 03:20
 дождьВ Атырау +4.2
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Сарышаған полигонында Ресей зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сынақтан өткізді

Бейнежазба
2 910 рет қаралды


Ресейдің қорғаныс министрлігі зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің кезекті сынағының видеосын жариялады.

Қазақстанның Cарышаған полигонында жаңа зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі сынақтан өткізілді.

Кадрларда зымыранның ұшырылған сәті жан-жақтан түсірілген.

Ресейдің қорғаныс ведомствосының YouTube арнасында жазылғандай, "зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі әуе-ғарыштық күштердің қару-жарағына жатады, әуе-ғарыштық шабуыл құралдарының соққысынан қорғануға арналған".

"Жаңа зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі бірнеше сынақтан өткен соң, сипаттамаларға сәйкестігін дәлелдеп, нысанаға дәл тиіп, қойылған тапсырманы орындады", - делінген хабарламада.


Дереккөз: sputniknews.kz

4 маусым 2019, 20:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.