Атырау, 22 наурыз 15:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Бұрынғы түрме басшылары ұзақ мерзімге сотталды

2 764 рет қаралды


Жеке кәсіпкерден пара алған Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ ЖД-158/7 түзеу мекемесінің басшысы мен оның орынбасары сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 31 мамыр күні Тараз қалалық №2 сотының үкімімен мекеме басшысы пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. 

Сот үкіміне сәйкес ол мемлекеттік лауазымды қызмет  атқару құқығынан өмір бойына айырылып,  7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Сонымен қатар, «әділет подполковнигі» атағынан айырылды. Ал оның  орынбасары да «әділет подполковнигі» арнайы атағынан, өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылып, жазасын  7 жыл абақтыда өтейтін болады.

Дереккөз: inform.kz

3 маусым 2019, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.