
Нұр-Сұлтандағы "Думан" қонақ үйінде белсенділердің құрылтайы басталды. Оған елдің барлық өңірінен азаматтар жиналды. Жиында елдегі әлеуметтік жағдай, президент сайлауында дауыс беруге бойкот жариялау, Қытайдағы қазақтар мәселесі, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас, елдегі демократия ахуалы айтылады деп жоспарланған, деп хабарлайды Азаттық.
Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, әуел баста алдын ала ақшасы төленіп қойған қонақ үйдің күзетшілері жиналғандарға "орын жоқ" деп оларды кіргізбеуге тырысқан. Бірақ бұған наразы болған жұрт жиналыс өтуі тиіс ғимаратқа басып кірген. Ғимарат маңын полиция қызметкерлері бақылап тұр. Азаттық тілшілері оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратпақ болған. Бірақ байланыстың нашар болуына байланысты жиыннан трансляция жасай алмай отыр.
Жиында оппозициялық саясаткер Балташ Тұрсымбаев, журналист Рысбек Сәрсенбайұлы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров сөйлеген. Спикерлер елде оппозицияның жоқтығын айтып, "белсенділерді қудалаған" билікті сынаған.
Дереккөз: azattyq.org
В Атырау -1