Атырау, 22 желтоқсан 09:13
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Италиядағы жол апаты: ауруханаға түскен екі қазақстандық елге жеткізілді

2 136 рет қаралды


Қазақстанның санитарлық авиациясы Италияда жол апатынан зардап шеккен екі әйелді Алматыға жеткізді.

Пациенттерді тасымалдау Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы санитарлық авиациясының екі мобильді бригадасының сүйемелдеуімен жүзеге асты, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

31 мамыр күні сағат 00:50-де ұшақ Алматы қаласының әуежайына қонды. Осыдан кейін екі пациент № 7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

"Қазір олардың  жағдайы тұрақты деп бағалануда", - делінген хабарламада.

Осы жылдың 22 мамырында Италияда (Сиена провинциясы) туристер мінген автобус аударылды. Көліктің ішінде Қазақстан азаматтары да болған.


Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған екі қазақстандық шұғыл түрде Италияның медициналық ұйымдарына жатқызылды.

2011 жылдан бастап 2019 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі аралықта Қазақстанның санитариялық авиациясы Таиланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай, Ресей және басқа да елдерден 59 отандасымызды елге жеткізді.

Жақын және алыс шет елдерден медициналық тасымалдау республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

31 мамыр 2019, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.