Атырау, 25 қаңтар 18:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Мамин Ашхабадта Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті

2 967 рет қаралды


Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Ашхабадта Түрікменстан Президенті Г. Бердымұхамедовпен кездесті және ТМД ҮБК отырысына қатысты, - деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Кездесуде Сауда-экономикалық қатынастардың барлық бағыттары бойынша қазақстандық-түрікменстандық ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты қатынастар тұрақты түрде дамып жатқанын атап өтті.

«Біз сауда-экономикалық байланыстардың тереңдей түсуіне аса мән береміз. Көлік инфрақұрылымы мен ортақ шекараның болуын ескергенде, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың үлкен әлеуеті бар», — деді А. Мамин.

Келіссөздер барысында энергетика, ғарыш, ауыл шаруашылығы салаларындағы, әскери-өнеркәсіптік кешен, көлік-транзит дәліздерін дамытудағы өзара іс-қимыл келешегі аталып өтті. «Өзара сауда көлемін едәуір арттыруға қол жеткізу туралы ортақ міндет қойылды. Қазақстан бұл міндетті іске асыру үшін барлық күш-жігерін салуға әзір», — деді Асқар Мамин.

Ашхабадта ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты.

Достастықтағы биылғы жыл Түрікменстан Республикасының төрағалығымен өтіп жатыр.

ТМД ҮБК отырысына Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д. Медведев, Беларусь Премьер-Министрі С. Румас, Әзербайжан Премьер-Министрі Н. Мамедов, Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов, Армения вице-премьері М. Григорян, Қырғызстан вице-премьері Ж. Разаков қатысты.

Шағын құрамда делегациялар басшылары ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар мәселелерді шешті.

 

31 мамыр 2019, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.