Атырау, 23 желтоқсан 17:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда жолаушылар автобустарының жылдамдығы шектеледі

2 728 рет қаралды


Ішкі істер министрлігінде "Автокөлік арқылы жолаушылар тасымалындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайы туралы" тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі ережелер бойынша, елдімекендерде көлік жылдамдығы 60-тан, қала сыртындағы трассаларда 90-нан аспауы тиіс.

– Ішкі істер министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жол картасының жобасын әзірледі. Бірқатар кешенді шаралар қарастырылуда. Оның ішінде ескі автобустарды пайдалануды шектеп, автобустар паркін жаңарту бар. Қазір Қазақстанда 90 мыңнан астам ескі автобус тіркелген... ...Тасымалдаушыларға қойылатын біліктілік талаптарын күшейту. Сонымен бірге автобустардың елдімекендер аумағындағы жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін шектеу, ал қала сыртында 80-ге дейін шектеу көзделген, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов.

Дереккөз: zakon.kz

31 мамыр 2019, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.