
Будапештте Дунай өзенінде бортында шетелдік туристер бар кеме аударылып түсті.
Апат басқа кемемен соқтығысуынан болған. Қазақстандық консул жедел түрде оқиға орнына барды. Кеме бортында 35 адам болған, олардың көбі Оңтүстік Кореядан (33 адам) және екі экипаж мүшесі.
Венгр полициясының мәліметі бойынша 6 адам көз жұмып, 7 адам ауруханаға жатқызылса, 20 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Қазіргі уақытта оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. ҚР СІМ мәліметі бойынша қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Дереккөз: 24.kz
В Атырау 0