Атырау, 23 желтоқсан 15:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Президенттікке үміткерлердің теле-дебатына 41 миллион теңге жұмсалды

2 256 рет қаралды


29 мамырда "Хабар" арнасында тікелей эфирде президенттікке үміткерлердің арасында дебат өтті. Бір жарым сағатқа созылған теле-дебаттың ұйымдастырылуына бюджеттен 41 миллион теңге жұмсалды. 

Теледебатқа Қазақстанның қазіргі президенті, "Нұр Отан" партиясы ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев, "Ақ жол" партиясының кандидаты Дания Еспаева және "Ауыл" партиясының кандидаты Төлеутай Рахымбеков келген жоқ. Дебатқа Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосанов, Амангелді Таспихов, Сәді-Бек Түгел, Тоқаевтың сенімді өкілі Мәулен Әшімбаев, Еспаеваны ұсынған "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев, Рахымбековтің орнына "Ауыл" партиясының жетекшісі Әли Бектаев қатысты. 

Аталған теле-дебат үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде үміткерлер өздерінің сайлау бағдарламасын таныстырып, бір-біріне сұрақ қойды. Екінші кезеңде кандидаттар жүргізушілердің сұрағына жауап берді. Үшінші кезеңде кандидаттар сайлаушыларға қарата сөз сөйледі. Биыл Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. 

Орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген. Айта кетейік, Қазақстанда тікелей эфирде өткен теле-дебат осымен екінші рет өткізіліп отыр. Бұдан бұрын 2005 жылы өткізіліп, сол кездегі президент әрі президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаев қатыспаған еді.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

30 мамыр 2019, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.