Атырау, 23 желтоқсан 17:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан президенттеріне орден тақты

3 062 рет қаралды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан президенттерін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

 Мемлекеттік награда Ресей Федерациясының президенті Владимир Владимирович Путинге, Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенкоға, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Шарипович Жээнбековке тапсырылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен наградталсын:

Путин Владимир Владимирович - Ресей Федерациясының Президенті

Лукашенко Александр Григорьевич - Беларусь Республикасының Президенті

Жээнбеков Сооронбай Шарипович - Қырғыз Республикасының Президенті.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

28 мамыр 2019, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.