Атырау, 23 желтоқсан 13:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Елорда әуежайының IATA үш әріптік коды өзгертілмек

2 093 рет қаралды


ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының үш әріптік IATA кодын өзгерту мәселесінде белсенді жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі. 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласына тұрақты рейстерді жүзеге асыратын IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығы мүшелері Air Astana, SCAT, Belavia, LOT Polish Airlines, Turkish Airlines, Air China, Uzbekistan Airways және FlyDubai қазақстандық және шетелдік әуе компанияларының өкілдерінің қатысуымен арнайы кеңес өтті. 

Жиынның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының үш әріптік кодын ауыстыру туралы шешімді әуе компаниялар бірауыздан қолдады. Бұл шешімнің хаттамасы IATA штаб-пәтеріне жіберіледі. Азаматтық авиация комитеті Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының үш әріптік кодын өзгерту бойынша IATA-мен жұмысты жалғастырады.

Дереккөз: 24.kz

28 мамыр 2019, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.