
Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісі 6 баланы қағып кеткен. Салдарынан 2 жасөспірім Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы кеше 27 мамырда күндізгі сағат 15.30 шамасында болған. Шымкенттегі автотұрақтардың бірінде «Opel Kadett» автокөлігінің жүргізушісі кәмелет жасқа толмаған балаларды қағып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция тобының қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің 6 жасөспірім баланы қағып кеткенін анықтады.
Ауыр соққы алған екі жеткіншек ауруханаға жеткізілсе, қалған 4 бала үйлеріне қайтарылған. «Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы, 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау 0