Атырау, 23 желтоқсан 12:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Әуежайдағы оқиға: «Дос-Мұқасан» ансамблі әншісіне айыппұл салынды

2 107 рет қаралды


Әуежайдағы оқиғадан кейін «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Мұрат Құсайыновқа   5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Нүр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты анықталған фактіні ұсақ бұзақылыққа жатқызып, Мұрат Құсайыновқа  5 АЕК көлемінде, яғни 12 625 теңге сомасына әкімшілік айыппұл белгіледі», - делінген хабарламада. Нұр-Сұлтан қалалық сотының мәліметінше, М. Құсайынов елордадағы халықаралық әуежайдағы тексеру шараларынан өту кезінде кедендік тексеріс қызметкерлеріне қатысты балағат сөз айтқан. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, биыл сәуір айында «Эйр Астана» компаниясы полицияға «Дос-Мұқасан» ансамблінің белгілі әншісі Мұрат Құсайынов өз қызметкеріне қол көтерді деп шағым түсірді. Бұл оқиға 14 cәуірде «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытындағы КС852 рейсінде болған еді. Кейіннен М. Құсайынов бұқаралық ақпарат құралдарында осы жағдайға қатысты өзінің пікірін айтқан болатын.

Дереккөз: inform.kz

27 мамыр 2019, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.