Атырау, 24 сәуір 04:44
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қарағандыдағы трагедия: батуттың иесі ұсталды

2 417 просмотра


Трагедияға себеп болған үрлемелі батутты орнатқан 40 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау абақтысына жабылды. Бұл туралы ekaraganda.kz порталы хабарлады.

Ол баланың өліміне әкеп соқтырған демалыс нысанын заңсыз орнатқаны және қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін ұсталған.

Қарағандының Орталық саябағында кеше күшті жел үрлемелі батутты аударып жіберді. Салдарынан 11 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды, тағы екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Орталық саябақтан дәрігерлер екі баланы жан сақтау бөліміне жеткізді. Олардың көптеген жері сынып, ішкі ағзалары зақымданғаны анықталды. Үшінші жәбірленушінің саусағы жырымдалған, ол медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.


Саябақтағы трагедия орнында бес жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмыс істеді. Олар екі баланы жан сақтау бөліміне жеткізді, деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.  

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров Орталық саябақта көз жұмған баланың отбасына барды. Ол баланың ата-анасына көңіл айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесуге уәде берді.

Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлімі (Адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет түрін ұсыну) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу Қарағанды облысының полиция департаменті мен прокуратура басшылығының бақылауында болады, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

Дереккөз: sputniknews.kz

26 мамыр 2019, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.