Атырау, 26 сәуір 20:07
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Қазақстанда тағы бір жаңа мереке пайда болды

3 053 просмотра


Үкімет қаулысына сәйкес, мерекелер тізімі кәсіптік одақтар күнімен толықты.

Қазақстан кәсіптік одақтарының күні 10 қазанда аталып өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 303 қаулысы нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

Қаулыға сәйкес, мерекелік күндердің тізбесі Қазақстан кәсіптік одақтарының күнімен толықты. Жаңа мейрам 10 қазанда аталып өтеді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Айта кетсек, бұған дейін елімізде 11 қараша – энергия үнемдеу күні, 20 желтоқсан – мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні болып бекітілген еді.

Дереккөз: sputniknews.kz

25 мамыр 2019, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.