Атырау, 29 наурыз 10:02
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ержан Максим «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы атанды

3 355 просмотра


Ресейдің Бірінші арнасының «Голос. Дети» конкурсының арнайы шығарылымы тікелей эфирден көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы Микелла Абрамовадан басқа финалға жолдама алғандардың барлығы өнер көрсетті. Әуелі Пелагея, содан кейін Светлана Лободаның командасында болғандар сахнаға шықты. Ең соңынан Валерий Меладзенің шәкірттеріне кезек келді. 

Оралдық Ержан Максим «Адажио» әнін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Шоуды қорытындылыған Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы ретінде бірінші болып Ержан Максимді атады. 

Содан кейін Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер  және арнайы шығарылымға қатыспаса да, Микелла Абрамова жеңімпаз болып танылды. Олардың бәріне демеуші тарапынан 1 млн рубльдің сертификаты табыс етілді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ержан Максимнің суперфиналда өнер көрсетіп, екінші орын алғанын жазған болатынбыз. 

Алайда кейін дауыс беру қорытындысына байланысты дау туындап,  Ресейдің Бірінші арнасы алтыншы маусым нәтижесін қайта қарап, жоққа шығарған еді. Сөйтіп арнайы шығарылым көрсету жөнінде шешім қабылданды. 

Дереккөз: inform.kz


25 мамыр 2019, 04:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.