Атырау, 18 маусым 16:30
Кешке ашық+26, түнде +22
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 383.43  € 429.83  P 5.96

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялады

24 мамыр 14:54


ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев экономикада жаңа мемлекеттік компанияларды құруға мораторий жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бүгін экономикада жаңа мемлекеттік компанияларды құруға мораторий жариялаймын», - деді Президент мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, ұлттық компаниялар мен отандық бизнес өкілдері қатысқан Ұлттық инвесторлар кеңесінде. Оның сөзіне қарағанда, экономикадағы мемлекеттің шекарасын нақты айқындау керек. 

«Қиын-қыстау  кездері мемлекет үнемі өзіне экономикалық өсімді қолдаудың жүктемесін алып келді. Экономиканың жүйелік бәсекеге қабілеттілігі жеке бизнес есебінен қалыптасатынын ұмытпау керек. Сондықтан экономикада мемлекеттің үлесін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарына дейін жеткізу мақсаты қойылған болатын», - деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, бұл өз кезегінде жеке инвестицияларға, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуына тың серпін береді. 

«Үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компания үшін рұқсат етілген барлық қызметтің түріне ревизия жүргізуді және оларды қысқарту бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.  

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

312 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4