Атырау, 23 желтоқсан 11:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Күзет қызметшілерінің формасы өзгереді

7 140 рет қаралды


Елдегі күзет қызметшілерінің киімдері бірыңғай стандарттарға негізделетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елдегі күзет ұйымдары қызметін жетілдіру мәселесіне арналған кездесуде айтты. 

«Күзетшілер киімдерін біріздендіру қажет. Әрине, әрбір күзет ұйымы өзгелерден имиджі  арқылы ерекшеленгісі келетінін түсінеміз. Бірақ барлығына ортақ стандарттар болуы керек. Күзетші сырт көзге бірден көрінуі мүмкін. Сондықтан осындай шешімге келіп отырмыз», - деді министр.

Ішкі істер министрілігі елдегі мәдени-көпшілік шараларда қоғамдық тәртіпті күзетуге жеке күзет ұйымдарын да тартуды көздеп отыр.  

Дереккөз: inform.kz

24 мамыр 2019, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.