Атырау, 25 сәуір 13:31
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Қаламқас» кен орнында су-газ қоспасының атқылауынан кейін жедел штаб құрылды

2 544 просмотра


Маңғыстау облысы «Қаламқас» кен орнында тағы да болған су-газ қоспасының атқылауынан кейін жедел штаб құрылды, деп хабарлады «ҚазМұнайГАЗ» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен. 

«2019 жылдың 22 мамырында сағат 18.20 шамасында Қаламқас кенорнында орналасқан №8237 ұңғымасы аумағында биіктігі 40-50 сантиметр су-газ қоспасының атқылауы (грифон) пайда болды. Сондай ақ, №8237 ұңғыма сағасында қысымның 4 атмосфераға дейін жоғарылауы байқалды. Жүргізілген арнайы шаралардан кейін құбыр ішіндегі қысым 2,2 атмосфераға дейін төмендеді. Бұл туралы мемлекеттік құзырлы органдарға хабар берілді. (…) Қазіргі таңда жедел штаб құрылды», - делінген жұмада таратылған хабарда. 

Ұлттық компанияда су-газ қоспасының пайда болу аймағында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, оны оқшаулау бойынша қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқанын атап шықты. 

Қауіпті аймақтар анықталды, қауіпті деп табылған аймақ қоршауға алынып, апат салдарын жоюға тікелей қатысы жоқ адамдарды өткізуге тыйым салынды; грифонның айналасына топырақ (мергель) төгу жұмыстары жүргізілді; ұңғыманы басқару тетіктері сақталған, атындыны болдырмау жабдықтарымен жабдықталған, дроссельдеу және тұншықтыру блоктары қондырылған, ұңғымадағы қысымды экологиялық ыдыс және технологиялық шамның көмегімен азайту арқылы грифонды жеңілдету шаралары жүргізілуде; радиусы 500 метр аумақта 8 су айдау ұңғымасының жұмысы тоқтатылды», - делінген хабарда.

Сонымен қатар, алдағы уақытта кен орнын бұрғылау және пайдалану кезінде тосын жағдайларды болдырмау жөнінде тиісті шаралар қабылдануда.

Дереккөз: ҚазТАГ

24 мамыр 2019, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.