Атырау, 29 наурыз 17:43
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Сириядан оралға​н төрт ақтөбелік қамауға алынды

2 063 просмотра


«Жусан» операциясы арқылы жуырда Сириядан оралған төрт ақтөбелік «терроризмді насихаттады» деген күдікпен 2 айға қамауға алынды. Олардың үшеуі ер адам болса, біреуі - әйел. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабар таратты. 

Күдіктілерге елге оралған бойда кісен салыныпты. Қазіргі тергеу шаралары басталды. 

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі:  

Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, әлеуметтік, ұлттық және діни алауыздықты қоздыру, террористік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын терроризм актілеріне қатысқан деп күдіктелген А.Алмағамбетова, Д. Төреханов, Қуанов және Сабитұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негізді деп танылды. Қаулы заңды күшіне енді. 

Еске салайық, жыл басынан бері «Жусан» операциясы арқылы елге 275 адам оралды. Олар Ақтаудағы оңалту орталығына орналасқан. 20-сы террорлық топтарға қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Сирияда ДАИШ қатарында соғысқандар 20 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

Дереккөз: astanatv.kz

24 мамыр 2019, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.