Атырау, 18 шілде 14:42
Кешке ашық+31, түнде +27
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 383.98  € 430.63  P 6.11

Қазақстанның сыртқы қарызы көбейіп кетті: не болғанын министр түсіндірді

22 мамыр 08:40


Бюджет тапшылығы мен теңгенің құлдырауы Қазақстанның сыртқы қарызын арттырып жіберді. Былтыр шетелге мемлекеттік берешек 1 триллион 883 миллиард теңгеге көбейген.

Қаржы министрлігі елдің қарызы 15 триллион 387 миллиард теңгеге жеткенін мәлімдеді. Оған үкімет пен Ұлттық банктің және жергілікті әкімдіктердің қарыздары кіреді.

Дегенмен қаржы министрі қорқатын ештеңе жоқ дейді. Өйткені мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 60 пайызға дейін рұқсат етілген. Ал қазіргі көрсеткіш 26 пайызға жуық. Бірақ Қазақстан нақты қай елге қарыз екені айтылмады. Жалпы сыртқы қарыз жекеменшік банктерді қоса алғанда 57 миллиард 700 миллион долларды құрап отыр. Ол 5 жарым миллиард долларға азайған.

"Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемі бекітілді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 2017 жылдың көрсеткішінен 5,1 миллиард долларға азайып, 19,7 миллиард доллар болды", - деді қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1268 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4