Атырау, 28 ақпан 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Ұлттық банк салмағы 1 кг тартатын монета шығарды

2 795 рет қаралды


Ұлттық банк "Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

Номиналы 50 000 теңгелік алтын (999 сынамалы) монетаның салмағы 1 килограмм тартады, диаметрі 100 миллиметр, таралымы 20 дана.

Номиналы 50 000 теңгелік "Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl" алтын монетасы

Номиналы 500 теңгелік алтын (999 сынамалы) монетаның салмағы 31,1 грамм тартады, диаметрі 32 миллиметр, таралымы 500   дана.

Номиналы 500 теңгелік "Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl" алтын монетасы

Номиналы 500 теңгелік күміс (925 сынамалы) монетаның салмағы 31,1 грамм тартады, диаметрі 38,61 миллиметр, таралымы 1500 дана дайындалған.

Номиналы 500 теңгелік "Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl" күміс монетасы

"Коллекциялық монеталар Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арналады. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылданады, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады", - деп жазылған Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

21 мамыр 2019, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.