Атырау, 23 желтоқсан 11:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бекназаров Украинаның жаңа президентіне Қазақстан халқының құттықтауын жеткізді

2 110 рет қаралды


Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украинаның жаңа президентімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан парламенті жоғарғы палатасының баспасөз қызметі.

Украинаның жаңа сайланған президентінің инаугурациясынан кейін сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және республиканың бүкіл халқы атынан Владимир Зеленскийді қызметіне ресми кірісуімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Кездесу барысында екі елдің ынтымақтастығын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Айта кетсек, украин тарапының шақыруымен Қазақстанның ресми өкілдері Украина президенті Владимир Зеленскийдің инаугурациясына қатысқан болатын.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

21 мамыр 2019, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.