Атырау, 28 ақпан 19:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Тоқаев ХВҚ басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті

2 668 рет қаралды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда қызметі.

Мемлекет басшысы Кристин Лагардқа Астана экономикалық форумына келгені үшін ризашылық білдірді.

– Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіз! Сіздің Астана экономикалық форумына арнайы келіп қатысуыңыз форум жұмысына да, Қазақстанға да тиімді боларына сенім білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Халықаралық қор ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ әлемдік қаржы-экономика жүйесінің дамуындағы маңызды үдерістер туралы пікір алмасты.

16 мамыр 2019, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.