Атырау, 22 желтоқсан 21:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Жаңаөзенде ер адам 12 тонналық көпірді ұрлап кеткен

2 400 рет қаралды


Металлдан жасалған 12 тонналық көпір "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ға тиесілі болған. Осының салдарынан компанияға 708 750 теңге шығын келтірілген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада". 

Жаңаөзен қалалық сотында 12 тонналық темір көпірді ұрлау ісі қаралды.  Сотта "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ға тиесілі ұзындығы 14 метр, биіктігі және ені екі метр болатын көпір ұрланғаны анықталды. Жымысқы әрекетімен қаскөй компанияға айтарлықтай шығын келтірген.  

"Сот үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК немесе 505 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ұрланған көпір компанияға қайтарылды, - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

Дереккөз: tengrinews.kz

16 мамыр 2019, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.