Атырау, 25 мамыр 12:48
Кешке ашық+20, түнде +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 378.01  € 420.88  P 5.84

Балабақшада құлап кеткен қызды терезеге тәрбиешінің өзі шығарған

16 мамыр 09:49


Полиция Талдықорғандағы оқыс оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Талдықорғанда балабақшаның екінші қабатынан құлап кеткен қызға қатысты тың деректер шықты. Желіде видеобақылау камерасының жазбасы жарияланды.

Видеода "Қарлығаш" балабақшасының қызметкері қызды көтеріп, ашық тұрған терезенің алдындағы тақтайға тұрғызады. Тәрбиеші оның жанына тағы бір баланы алып келеді. Олар терезенің алдына сыймай, бірін-бірі итере бастайды да, қыз москит торына сүйенеді. Тор салмақты көтере алмай, баламен бірге сыртқа түсіп кетеді.  

Ғимараттың сыртындағы камерадан түсірілген тағы бір жазбада қыздың екінші қабаттан құлаған сәті көрінеді.

Кеше Талдықорған полициясының өкілдері баланың құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қыз облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.  

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

274 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4 5 6 7