Атырау, 23 желтоқсан 08:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Елорда мен Ыстанбұл бағытындағы ұшақтар күніне екі рет жолаушы тасымалдайды

2 492 рет қаралды


Елорда мен Ыстанбұл арасында қатынайтын ұшақтар күніне екі рет жолаушы тасымалдайтын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Азаматтық авиация комитеті Нұр-Сұлтан қаласы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатынау мүмкіндіктерін арттыру үшін түрлі шаралар қабылдауда. Биылғы маусым айынан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Ыстанбұл арасындағы әуе рейстерінің санын аптасына 5 реттен 6-ға көбейтеді. Қосымша рейстер А320 кемелері арқылы жүзеге асады»,- делінген таратылған ақпаратта. 

Комитеттің хабарлауынша, шілде айынан бастап  түркиялық Turkish Airlines компаниясы екі  қала арасындағы әуе рейстерін аптасына 5 реттен 7-ге арттыруды көздеп отыр. Осының нәтижесінде аталмыш қалалар арасына қатынайтын ұшақтар аптасына 13 рет жолаушы тасымалдайтын болады.  

Дереккөз: inform.kz

16 мамыр 2019, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.