Атырау, 23 желтоқсан 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанның ЕАЭО-ға экспорты қысқарды

1 940 рет қаралды


2019 жылғы қаңтар-сәуірде еліміздің Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдермен өзара сауда көлемі 0,3 пайызға кеміді. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«2019 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4 446,8 млн АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда, 0,3 пайызға кеміді. Оның ішінде экспорт - 1 344,5 млн АҚШ доллары (4,8 пайызға азайды), импорт - 3 102,3 млн АҚШ доллары (1,7 пайызға өсті)», - делінген комитет мәліметінде. 

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына - 92,8, Қырғызстан Республикасына - 4, Беларусь Республикасына - 3,1, Армения Республикасына 0,1 пайыз тиесілі.

Дереккөз: inform.kz

15 мамыр 2019, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.