
Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов "Голос. Дети" байқауының екінші орын иегері, таланатты әнші Ержан Максиммен кездесіп, шығармашылық табыс тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Елшіліктің хабарлауынша, зор дауысымен дүйім жұртты мойындатқан Ержан Максим Мәскеуге шығармашылық жұмыстармен келіпті.
"Кездесу достық қарым-қатынаста өтті. Ержан "Голос. Дети" байқауынан қатысқан соң, өмірінде қандай өзгерістер болғанын, болашаққа қандай жоспар құрғанын айтты. Иманғали Нұрғалиұлы жас жұлдыздың алға қойған мақсаттарына сәттілік тілеп, Ресей астанасында уақытын жемісті өткізуіне тілектестік білдірді", - делінген Қазақстан елшілігінің Instagram-дағы жеке парақшасындағы жазбада.
Дереккөз: sputniknews.kz
В Атырау 0