Атырау, 23 желтоқсан 06:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Есілге батқан қызды құтқарып, өзі ажал құшты

2 839 рет қаралды


Елордада Есіл өзеніне батқан 12 жасар қызды құтқарған жігіттің кім екендігі белгілі болды, деп хабарлдайды ҚазАқпарат

"Есіл өзенінде қызды ажалдан аман алып қалып, өзі суға кеткен жігіт Әуе қорғаныс күштерінің 47762 әскери бөлімінің сержанты Ерлан Райымқұлов. Оның артында әйелі мен екі ұлы қалды», -деп жазды facebook-те Erzhan Bagdatov. 

Еске сала кетсек, «10 мамыр күні сағат 12-10-да Есіл өзенінің «Газмашаппаратура» саяжай аумағында «Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары итінің соңынан суға секіріп, батып кете жаздаған 2007 жылы дүниеге келген қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

Өзен сағасында балық аулап отырған жігіттің арқасында қыз аман қалды. Өкінішке қарай, қызды құтқарған 1981 жылы дүниеге келген азамат ағысқа төтеп бере алмай, суға батып кетті. 

Дереккөз: inform.kz

11 мамыр 2019, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.