Атырау, 23 желтоқсан 05:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

3 639 рет қаралды



Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күні мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жеңіс күні мерекесімен барлық отандастарымызды құттықтаймын! Біздің жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері фашизмді күйретуге зор үлес қосты. Олардың көзсіз ерліктері біздің жадымызда мәңгі сақталады", - делінген Президенттің құттықтауында.

Өзінің құттықтауында Президент батырларымыздың Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік бергенін айтты.

"Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді", - дейді мемлекет басшысы.  

Сонымен қатар, Тоқаев ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің еңбегін бағалап, оларға денсаулық тіледі.  

"Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон киім-кешек пен азық-түлік жіберілді. Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау - біздің қастерлі борышымыз. Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!",  - деді Президент. 

Дереккөз: tengrinews.kz

9 мамыр 2019, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.