Атырау, 23 желтоқсан 06:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Орал полициясы бос плакат туралы түсініктеме алу үшін прокуратураға жүгінді

2 960 рет қаралды


Белсендіні бос плакатпен ұстаған полиция, прокуратураға түсініктеме алу үшін жүгінді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, белсенді «өз пікірін» білдіргені үшін кінәлі, бірақ прокурорлардың көмегінсіз оның әрекеттерін саралай алмайды.

Жуырда болған 22 жасар белсенді Аслан Сағутдинов қатысқан акция жалғасын тапты. Полиция белсендіні ұстағаннан кейін жарты сағаттан кейін босатқан, екінші күні оның іс-әрекеттерінде бейбіт митингілер өткізу тәртібі туралы заңды бұзу белгілері бар екенін мәлімдеген.

6 мамыр күні сағат 11.00 – де «102» оператор пультіне Абай атындағы алаңда қолында плакаты бар белгісіз ер адамның тұрғаны жайлы, қасына адамдар жиналып жатқандығы туралы қоңырау келіп түсті.Оны патрульдік полиция наряды Орал қаласы ІІБ Абай полиция бөліміне жеткізді. Жеке басы мен плакатпен шығу себептері анықталғаннан кейін 22 жастағы облыс тұрғыны ІІБ ғимаратынан кетті. Бұл ретте полиция қызметкерлері Заң аясында әрекет еткен. Оның іс-әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері қаралады. Қазіргі уақытта материал прокуратураға заңдық баға беру үшін жіберілді», — делінген БҚО полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белдібеков Аслан Сағутдиновты бос плакат үшін емес, өз пікірін білдіргені үшін құрықтады.

– Құқық бұзушылықты жасаудың объективті жағы олардың бос плакатты көрсету емес, «Қазақстанда демократия мен сөз бостандығының жоқтығы туралы» саяси пікірлері болып табылады, ол қоғамдық орында өз пікірін білдірді, — деді Болатбек Белдібеков.

Дереккөз: Уральская неделя

8 мамыр 2019, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.