Атырау, 23 желтоқсан 06:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Полиция шеру кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтпек

3 025 рет қаралды


Алматы полициясы «Батырларға тағзым шеруі» кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Жеңіс мерекесіне орай ұйымдастырылатын  «Батырларға - тағзым» шеруі кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтуді ардагерлер кеңесі өтініш түсірген. 

7-9 мамыр аралығында Алматыда көптеген мәдени бұқаралық іс-шаралар жоспарланған. Сонымен қатар, мерекеге орай дәстүрлі шеру ұйымдастырылады. Бұл шараларға 115 мыңдай адам қатысады. Осыған байланысты полиция жеке құрамы күшейтілген қызмет режіміне көшеді. Сап түзеген шерушілерді полиция қарайлап жүреді. 

«2016 жылы Ниццада болған теракті оқиғасы көпшілікті шошытқаны рас. Жүк көлігінің жүргізушісі  адамдарды таптап барып, бетон қоршауға соғылған. Осындай терактілердің алдын алу үшін бірқатар шара алдын ала қабылданады», - деді басқармадан. 

Полиция қоғамдық тыныштықты бұзатын тұлғаларды Қазақстан заңнамасы бойынша барынша жазаланатынын хабарлады.  

Дереккөз: inform.kz

7 мамыр 2019, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.