Атырау, 23 желтоқсан 08:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

SCAT әуе компаниясының ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайына апатты жағдайда қонды

2 981 рет қаралды


SCAT  әуе компаниясының ұшағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы SCAT әуе компаниясының Минералды сулар - Нұр-Сұлтан бағытындағы DV834 әуе кемесі салонында саңылаудың пайда болуына байланысты апатты жағдайда қону қаупі болғанымен, аман-есен қонғанын хабарлайды. Ұшақ бортында экипаждың 5 мүшесі мен 42 жолаушы болды», - деп хабарлады елордалық әуежайдың баспасөз қызметі.

«Ұшақ апатты жағдайда қонады деп күткендіктен бір чартерлік рейс пен Эйр Астана әуе компаниясының КС 280 рейсі қосалқы аэродромға ұшырылды. FlyArystan әуе компаниясына тиесілі КС 7056 рейсі кейінге қалдырылды», - деді әуежай қызметкерлері. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта елорда әуежайы штаттық режімде қызметін жалғастырып жатыр.

Дереккөз: inform.kz

4 мамыр 2019, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.