Атырау, 23 желтоқсан 03:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ҚР СІМ Инвестициялар комитетіне жаңа басшы тағайындалды

3 148 рет қаралды


Бақыт Батыршаев ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бақыт Батыршаев 1973 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі.  1995 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істейді. 

1996-1997 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің атташесі. 

1997-2001 - Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің атташесі. 

2001-2002 - ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы. 2002-2002 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка Департаментінің екінші хатшысы. 

2002-2005 - Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 

2005-2009 - ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары, директоры. 

2009-2010 - Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігінің кеңесші-уәкілі. 

2010-2013 - Джида қаласында орналасқан Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымындағы Тұрақты өкілі (кеңесші-уәкіл). 

2013-2019 - Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі, Қазақстанның ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі. 

2014-2019 - Қазақстанның Бахрейндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы. 

2019 жылғы 29 сәуірден бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар. Үйленген, 4 баласы бар.

Дереккөз: inform.kz

3 мамыр 2019, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.